Гуйчжоу провинциясын тасқын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гуйчжоу провинциясын тасқын су басты

03.06.2014
Гуйчжоу провинциясын тасқын су басты
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясын тәулік бойы үздіксіз жауған нөсерден кейін тасқын су басты. Көшелер көлшікке айналып, 1 мыңнан астам көлікті су шайған.
 
Құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орнына барып, апатты аймақ тұрғындарын қауіпсіз орынға көшіріп жатыр. Мемлекеттік «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, тасқын су әзірге толастамайды және жауын-шашынды ауа-райы бірнеше күн бойы сақталады. Сел жүру қаупі де жарияланды. 
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу