Киев көшелерін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киев көшелерін су басты

17.08.2018

Украина астанасын үздіксіз нөсер салдарынан тасқын жайлады. Су көшелерді өзенге айналдырып, жерасты жолдарына да кірген.

Қала орталығында көліктер жартылай суға батты. Кей жерлерде су деңгейі 1 метрге жеткен. Нөсер қала орталығында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимаратқа да зақым келтірді. 

Ауа райын бақылаушылар, сенбі-жексенбі күндері де жаңбыр жауатынын ескертіп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу