Австралияда су тасқыны: 85 мыңдай адам көшу туралы ескерту алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда су тасқыны: 85 мыңдай адам көшу туралы ескерту алды

07.07.2022

Австралияда бірнеше күннен бері су тасқыны толастамай жатыр. Осыған орай Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының 85 мыңдай тұрғыны эвакуацияға дайын отыр. Ал елдің ірі қаласы Сиднейде төрт күн бойы дамылсыз жауған нөсерден кейін, көшелер өзенге айналған. Айта кетсек, Австралияға екі жыл қатарынан «Ла Нинья» құбылысы ықпал етіп отыр. Мұндай кезең жауын-шашынның көбеюімен ерекшеленеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу