Оңтүстік Кореяда тікұшақ құлап, 7 адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда тікұшақ құлап, 7 адам жоғалып кетті

01.11.2019

Оңтүстік Кореяда өрт сөндірушілер департаментінің тікұшағы теңізге құлап, 7 адам жоғалып кетті. Апат бейсенбінің кешінде Докдо даулы аралдарының жағалауында болды.

Қазір ол ауданда іздеу операциясы жүргізіліп жатыр. Елдің қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқиға болған жерге қайықтар, кемелер, ұшақтар және дайверлер жіберілді. 

Бір науқасты ауруханаға жеткізбек болған әуе машинасы аспанға көтерілісімен төмен қарай құлдилай бастаған. Қазір трагедияның себебі анықталып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу