Торонтода қарулы адам көшеде оқ жаудырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Торонтода қарулы адам көшеде оқ жаудырды

23.07.2018

Торонтада қарулы адам қарбалас даңғылда оқ жаудырып, 13 тұрғынды жаралады. Бір жас әйел қаза тапқан. Зардап шеккендердің біреуі ауыр халде жатыр. Ол - 8-9 жастағы қыз бала. Шабуылшының өзі полициямен атыс кезінде мерт болды.  

Оқиға Данфорд көшесінде болған. Оның нақты себебі әзірге белгісіз. Бірақ, болжамдарға қарағанда, қарулы адам жақын маңдағы мейрамхана мен дәмхананы көздесе керек.

Жараланғандардың кейбіріне сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Кейбіреулері дереу ауруханаға жеткізілген.

Канадада қарулы зорлық-зомбылықтар сирек болады. Бірақ, Торонтода мұндай шабуылдар кейінгі кездері жиілеп кеткен.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу