Крокусқа жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 143-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Крокусқа жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 143-ке жетті

28.03.2024

Мәскеу облысындағы «Крокус сити холлға» жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 143-ке жетті. Тағы 95-і жоғалып кеткен. Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың дерегінше, 80 адам ауруханаға түсіп, 205-і медициналық көмекке жүгінген. Қарулы топ «Крокус» концерт залына наурыздың 22-де басып кіріп оқ жаудырды. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, қантөгістен кейін 11 адам тұтқындалған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу