Таулы Қарабақтағы әскери жанжал екінші аптаға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақтағы әскери жанжал екінші аптаға ұласты

05.10.2020

Әзірбайжан мен Армения күштері арасындағы қарулы қақтығыс екінші аптаға ұласты. Қазір тараптар Таулы Қарабақта бейбіт халыққа оқ жаудырды деп бір-бірін айыптап отыр. Өткен тәуліктің өзінде даулы аймақта 18 тұрғын қаза тауып, кемінде 90-ы жараланған.

Әзірбайжан әскері бірнеше елді мекенді қайтарғанын жариялап отыр. Ал президент Ильхам Әлиев ел армиясының Қарабақта жеңіске жеткенін мәлімдеді. Армения болса, мұны жоққа шығарып отыр. 

Баку жұрты Мадағиз ауылы Әзірбайжанның қолына өткеннен кейін шаттанып көшеге шықты.

Арыстан Рысбек

Таулы Қарабақ Әзірбайжан Армения

Хабарламаларға жазылу