Мәскеуде концерттік залға жасалған шабуыл құрбандарының саны 139-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде концерттік залға жасалған шабуыл құрбандарының саны 139-ға жетті

26.03.2024

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холл» концерт залында қаза тапқандар саны 139-ға жетті. Мұны Ресей тергеу комитеті мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 182 адам жараланған.

Қазір тұрғындар Красногорск қаласындағы концерттік зал маңына гүл қойып жатыр. Бұл ғимаратқа қарулы топ наурыздың 22-де басып кіріп, оқ жаудырды. Шабуылдан кейін төрт азамат тұтқындалған. Олар айыптарын мойындады және өмір-бақи түрме жазасына кесілуі мүмкін. Тағы жеті күдікті ұсталып, тергеліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу