Францияның Нант қаласында ғимараттар мен көліктер өртелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның Нант қаласында ғимараттар мен көліктер өртелді

05.07.2018

Францияның Нант қаласында тәртіпсіздіктер болып, автомашиналар мен ғимараттарға от қойылды. Қақтығыстың басталуына полицияның жас жүргізушіні тұтқындаймын деп атып тастауы себепші. Алайда, куәгерлердің айтуынша, 20 жастағы азамат тәртіп сақшыларына ешқандай қауіп төндірмеген.

Жігіт қаза тапқаннан кейін Брейл ауданында адамдар көшеге шығып, полицейлерге Молотов коктейлін лақтырып, көліктерді өртей бастаған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қауіпсіздік күштері тәртіпсіздікті тоқтатты.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу