Францияда президент Эммануэль Макронның еңбек реформасына қарсы ауқымды шеру өтті

13.09.2017

Кәсіподақ ұйымының мәліметінше, оған 180-нен астам қалада 400 мыңға жуық адам қатысқан.

Үкіметтің мәлімдеуінше, бұл реформа жұмыс беруші мен жұмысшыға теңдік пен еркіндік беріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Алайда, демонстранттардың пікірінше, жаңа заң тым қатаң. Сонымен қатар, ол адамдарды жұмыстан әділетсіз шығаруға, орта және шағын компанияларға кісі жалдауда немесе оларды қызметтен босатуда көп билік берейін деп отыр.

Наразылық акциясы Нант қаласында полициямен қақтығысқа ұласты. Кәсіподақтар мұндай манифестацияны қыркүйектің 21-де тағы да өткізуді жоспарлап отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу