Түркияда жаңбыр соңы селге ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда жаңбыр соңы селге ұласты

25.08.2022

Көшелерді су басып, ағаштар құлаған. Измир қаласында бір аурухананың бірінші қабатына кей қалаларда тіпті үйлерге су кірген.

Кеше түстен кейін басталған жаңбыр қазір басылды. Дегенмен Ыстамбұлда күн әлі де бұлтты. Мамандар ертең де қатты жаңбыр жауады деп болжап отыр. Кешегі жаңбырдан Измир, Чанаккале, Денизли сияқты қалаларда көшелер суға толып, көліктер су астында қалды. Жаңбырмен қоса кей аудандарда ірі бұршақ жауып, қатты жел тұрды. Бірқатар ғимараттың шатыры ұшып, үйлер мен жұмыс орындарын су басқан. Ал Измир қаласындағы Эге университеті ауруханасының бірінші қабатын түгелдей су басып кетіп, қызметкерлер мен науқастарды әбігерге салды.

Айдос Әшімұлы, тілші:
Адамдар аман. Бурса қаласында сел ағызып әкеткен 4 адамды арнайы қызмет мамандары құтқарып алды. Қазір олар ауруханада жатыр. Мамандардың хабарлауынша, қаза тапқандар жоқ. Қазір арнайы қызметтер су басқан ғимараттар мен көшелерді тазалап жатыр. Синоптиктер бүгін кешке елдің тағы бірнеше аймағында нөсер жаңбыр болуы мүмкін екенін айтып, дабылды ескерту жариялады. Сондықтан мүгедектерге, аяғы ауыр әйелдерге бүгін ертең жұмысқа шықпауына рұқсат берілді.

Хабарламаларға жазылу