Францияда Жаңа жыл түнінде мыңнан астам көлік өртелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда Жаңа жыл түнінде мыңнан астам көлік өртелді

04.01.2014
Францияда Жаңа жыл түнінде мыңнан астам көлік өртелді
31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні француздар 1067 темір тұлпарды өртеп жіберген, деп хабарлайды NST. Бұл мәлімдемені Францияның Ішкі істер министрлігінің басшысы Мануэль Валлс таратты. Министр өртенген көліктердің саны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға азайғанын атап өтті. Сент-Этьен қаласында көліктер көп өртелген.  
 
Вандализмнің бұл түрі дәстүрге айналып келеді, деп атап өтеді басылым. Өткен жылы билік өртелген көліктердің санын жариялаудан бас тартқан еді. Өйткені, мәліметтерді жариялау бұзақы топтардың арасында бәсекелестікті арттырады деп санады.

Хабарламаларға жазылу