Перуде күн суытып, мыңдаған мал қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде күн суытып, мыңдаған мал қырылды

21.06.2018

Перуде қыс ызғарлы болып тұр. Анд тауы етегінде қар борап, күн суытқан. Ауа райының күрт құбылуы жергілікті тұрғындар мен үй жануарларына әсер етті. Елдің 10 облысында ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендеп, адамдар тоңып, ауруға шалдыққан.

Мыңдаған мал  қырылды. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай жарияланды. Перу билігінің мәліметінше, биылғы қыс бұрынғыға қарағанда салқынырақ болады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу