Перуде мыңдаған тасбақа өзенге жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде мыңдаған тасбақа өзенге жіберілді

19.10.2017

Перуде жойылуға шақ қалған 5 мыңға жуық тасбақа Амазон орманындағы өзенге жіберілді. Табиғатты қорғау жөніндегі ұлттық қызметі өкілдерінің айтуынша, бұл - өте сирек кездесетін «Таракайа» тасбақаларын сақтап қалу мақсатында қолға алынған шара. Сол үшін мамандар жағажайлардан бауырымен жорғалаушылардың тұқымдарын жинап, арнайы инкубаторларға салып өсірген екен.

Енді олар тіпті көбейеді деген үміт бар. Айта кетейік, бұрын Амазонка өңірінде осындай тасбақалар көп болған екен. Алайда, мұнда ормандардың оталуына байланысты олар ақырындап жойыла бастапты.

МАҚПАЛ СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу