Солтүстік Қазақстан облысында мал қырылып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы шаруашылықтардың бірінде мал қырылып жатыр.
Эльмира Каленова, тілші:
Алынған сараптама нәтижесі жұқпаның «ринотрахеит» ауруы екенін көрсетті. Фермердің айтуынша, індетке шалдыққан малдың алдымен дене қызуы көтеріліп, сілекейі ағады, жем-шөп жемей, тұяғы іріңдейді. Жасалған ем нәтиже бермеген. «Сидельников» фермерлік шаруашылығында шектеу шаралары енгізілді. Төрт түлікке жұқпаға қарсы екпе салынады.
Берік Әлжанов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
Шектеудің ережесі бойынша, бұл шаруашылықтан тірі жануарларды, олардың өнімдерін, сондай-ақ азықтарды шығаруға, әкелуге тыйым салынады. Шектеу соңғы ауру мал сауыққаннан кейін 30 күннен соң алынады.
Эльмира Каленова, тілші:
Жалпы 20 күн ішінде ауданда 15 бас қара мал қырылды. Мамандар аталған дерт тез таралғанымен, адамға жұқпайтынын айтты.
Эльмира Каленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вашингтонда бүгін Израиль-Ливан келіссөзі өтеді
14.04.2026, 20:15
Вашингтон мен Тегеран келіссөздердің екінші раундын өткізу мәселесін талқылап жатыр
14.04.2026, 20:12
Ертеңнен бастап мобильді аударымдар тексеріледі
14.04.2026, 20:10
Елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті
14.04.2026, 20:07
Ажырасуға өтінім берген 400-ге жуық ерлі-зайыпты татуласты
14.04.2026, 20:05
«Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді
14.04.2026, 20:05
Күніне 100-ден астам адамды ит қабады
14.04.2026, 20:05
Былтыр Жетісу облысына 610 млрд теңге инвестиция тартылған
14.04.2026, 20:04