АҚШ-та 50 миллион адамға боран қаупі ескертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 50 миллион адамға боран қаупі ескертілді

23.02.2023

АҚШ-тың батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында күн суытып, боран соғып, 50 миллиондай адамға сақ болу туралы ескерту жасалды. Сонымен қатар бүкіл елде 3500-дей әуе рейсі кейінге қалдырылды. Ал Миннеаполис пен көршілес Сент-Полда төтенше жағдай жарияланып, мектептер жабылып, мыңдаған бала қашықтан оқу режиміне көшірілді. Дакота, Колорадо, Вайоминг штаттарында да сабақ тоқтатылған. Дегенмен, зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу