Израильде мыңдаған тырна қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде мыңдаған тырна қырылды

28.12.2021

Израильде құс тұмауы өршіп, 5 мыңнан астам тырна қырылып қалған. Өлі құстар Хула Лейк саябағынан табылды. Қазір бұл парк уақытша жабылды.

Саябақ қызметкерлерінің сөзінше, тырналар тұмауды ұсақ құстардан жұқтырған болуы мүмкін. Осыған орай елде жарты миллиондай тауықтың көзі жойылды. Енді дүкен сөрелерінде жұмыртқа тапшылығы туындайтын түрі бар. Бұған жол бермеу үшін Израиль үкіметі жұмыртқаны көрші елдерден сатып алуды жоспарлап отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу