Ресейдің матчтарды қабылдайтын 11 қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Ресейде ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады. Сондықтан, матчтарды қабылдайтын 11 қалада қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтіліп, оларға қосымша мыңдаған полицей жіберілді. Сонымен қатар, саяси алауыздыққа қарамастан, Ресейге әлемнің чемпионатқа қатысатын 32 елінен тәртіп сақшылары жетті. Оларға жүктелетін негізгі міндет – фанаттар қақтығысына жол бермеу. Және де Мәскеу маңында дүниежүзінен жиналған полицейлер үшін байланыс орталығы ашылды.
Планеталық деңгейдегі ойындар кезінде Ресейге өзге елден барған футбол жанкүйерлері әуежайларда скринингтен өтеді.
Әлемдік кубок маусымның 14-де басталып, шілденің 15-де аяқталады. Федерация үкіметі оның қарсаңында көтерілістерге жол бермейтінін ескерткен болатын.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы