Басты Жаңалықтар Қазақстан қоғамдық қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі үздік 50 елдің қатарына енді

Қазақстан қоғамдық қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі үздік 50 елдің қатарына енді

Қазақстан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейі бойынша 143 ел мен аумақтың ішінде 41-орынға ие болды. Бұл World Justice Project халықаралық ұйымының зерттеуінде жарияланды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік көрсеткіші халықтың қылмыстан, терроризм қаупінен, қарулы қақтығыстардан қорғалу деңгейін қамтиды. Соңғы төрт жылда еліміздің  осы көрсеткіш бойынша рейтингі жақсарып келеді. 2023 жылы 44-орында тұрсақ,  биыл 41-орынға шықтық. Қоғамдық қауіпсіздік бағыт бойынша Қазақстан Франция, Италия, Португалия, Грузия, Түркия және Ресей сияқты бірқатар Еуропа мен Азия елдерінен жоғары нәтиже көрсеткен.

Бөлісу