Басты Жаңалықтар Конституциялық реформа әлеуметтің әлеуетін арттырады

Конституциялық реформа әлеуметтің әлеуетін арттырады

Қазақстандағы конституциялық реформа елдің саяси жүйесін жаңғыртып қана қоймай, экономиканың, әлеуметтік саланың және мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, конституциялық өзгерістердің тиімділігі олардың іс жүзінде қалай жүзеге асатынына және жаңа нормалардың мемлекеттік институттардың жұмысына қаншалықты ықпал ететініне байланысты. Сондықтан конституциялық өзгерістердің нәтижесі тек саяси жүйемен шектелмей, елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатына да ықпал етеді.

Михаил Виноградов, сарапшы:

«Қазақстанда соңғы уақытта даму, жаңғыру мәселелеріне ерекше мән беріліп келеді. Конституциялық реформаның сапалы әрі жүйелі жүргізілуі елдің барлық саласына, әсіресе экономикаға оң ықпал етеді деп ойлаймын. Өйткені саяси жүйенің тиімділігі мен мемлекеттік басқарудың сапасы экономикалық дамумен тығыз байланысты. Қазақстан халықаралық тәжірибені мұқият зерделей отырып, оны ұлттық ерекшеліктерімен ұштастыруға ұмтылып келеді.

Бөлісу