Басты Жаңалықтар Диалог алаңы: 120 мектептің мұғалімдері әсер қалдырған кітаптарымен бөлісті

Диалог алаңы: 120 мектептің мұғалімдері әсер қалдырған кітаптарымен бөлісті

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында, қалалық 120 мектептің мұғалімдер жиналып, өз өмірлеріне әсер еткен кітаптарды талқыға салды. №77 мектеп-гимназиясында «Әдеби сын: заманауи көзқарас. Өміріме әсер еткен бір кітап» тақырыбындағы қалалық ашық диалог алаңы өтті. Жиында өз тәжірбиесімен бөлісіп, ерекше әсер қалдырған кітаптарды таныстыру үшін  арнайы іріктеуге 200 мүғалім қатысып, 15-і спикер ретінде таңдалып алынған. Ұстаздар Роза Мұқанованың  «Мәңгілік бала бейне», Әуезовтың «Абай жолы» секілді қазақ әдебиетінің классикалық туыңдыларын оқыған. Жиынның басты мақсаты ұстаздар арқылы өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Нұрлан Ысқақов, Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының директоры:

Астана қаласында 120 мектеп болса, осы 120 мектептен мұғалімдер келіп қатысып отыр. Бұл әрине TedX форматында, баяндама жасау емес, шынайы осы әр мұғалімнің өміріне осы бір кітап қалай әсер етті. Өмірін қалай өзгертті, сондықтан да ұлттық кітап оқу жобасы болатын болса, осы кітапты ең бірінші мұғалімдер өздері шынайы түсіну керек, білу керек және насихаттау керек.

Бөлісу