Робототехника және STEM чемпионаты өтті
Болашақ инженерлер мен педагогтер технологиялық идеяларын ортаға салып, өз жобаларын таныстырды. Астанадағы №113 «Келешек» мектебінде «BOLASHAQ LEAGUE 2026» қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті. Оған елордағы мектептерден 23 команда қатысты. Олар робототехника, бағдарламалау және жасанды интеллект бағыттарындағы білімдерін сынады. Чемпионат үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. 7–8-сынып оқушылары LEGO SPIKE Prime конструкторы арқылы робот құрастырса, педагогтер жасыл энергетика тақырыбында жобаларын ұсынды. Ал BOLASHAQ INCLUSIVE санатында бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен бірге робот жасап, шығармашылық қабілеттері мен командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Эльдана Марат, қатысушы:
Біз бұл жерде мұғалімдердің көмегінсіз робот құрастырдық, және оған программа жасап, байқауға түсіріп жатырмыз. Жарыс керемет өтуде.
Мақсат Омаров, мұғалім:
Біздің жасаған моделіміз жел энергиясын пайдалана отырып, ауыр заттарды көтеруге арналған кран. Кәдімгі кранға ұқсайды, бірақ ешқандай маторсыз қолданылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы