Сингапурде АҚШ-Солтүстік Корея саммиті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сингапурде АҚШ-Солтүстік Корея саммиті басталды

12.06.2018

Сингапурде тарихи оқиға – АҚШ-Солтүстік Корея саммиті басталды. Америка президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Сентроса аралындағы «Капелла» отелінде кездесті.

Тілшілердің байқауынша, Ким Чен Ын көліктен күлімсіремей шыққан. Корея Халықтық Демократиялық Республикасының басшысы қара костюм киіп алыпты. Ал, Трамп кездесуге көк костюм мен қызыл галстук тағып келді. Лидерлер қол алысып амандасты.

Алдағы уақытта олар Корей түбегінің толық денуклеаризациясы, ондағы бейбітшілік кепілдігі, Пхеньян мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру тәрізді мәселелерді талқылайтын болады.

 

Мадина РАХЫМБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу