Екі Корея басшыларының саммиті өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі Корея басшыларының саммиті өтіп жатыр

18.09.2018

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея басшыларының саммиті басталды. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Оңтүстік Корея лидері - Мун Чжэ Инді Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын әйелі екеуі әуежайда қарсы алды.

Кездесуде екі Корея қатынастарын жақсарту, Корей түбегін ядролық қарудан тазарту, сондай-ақ, Солтүстік Корея мен АҚШ арасында келіссөздер өткізу мәселесі талқыға салынбақ. 

Соңғы деректер бойынша кездесуден кейін Оңтүстік Корея президенті өзіне арнайы ұйымдастырылған кешкі асқа шақырылған.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу