Екі Корея лидерлерінің тарихи саммиті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі Корея лидерлерінің тарихи саммиті басталды

27.04.2018

Осыдан бірнеше сағат бұрын екі Корея лидерлерінің тарихи саммиті басталды. Соңғы мәліметке қарағанда, келіссөздердің бірінші раунды аяқталды. Онда Оңтүстік Корея президенті Солтүстікке барғысы келетінін айтқан. Алайда, Солтүстіктің басшысы өз елінде көлік жүйесінің қолайсыз екенін мәлімдеп, қарындасының Қысқы Олимпиада кезінде Оңтүстік Кореяның зымыран-пойыздарынан керемет әсер алғанын айтып берді. 

Ким Чен Ын мен Мун Джэин түскі асты бір-бірінен бөлек ішті. Сол үшін Солтүстік Корея лидері өз еліне барып қайтқан.

Айта кетсек, 1953 жылы соғыс аяқталғалы, Солтүстік Корея жетекшісі алғаш рет Оңтүстіктің шекарасына аяқ басты.

Саммит Оңтүстік Корея шекарасында орналасқан Панмунджом деген ауылда өтіп жатыр. Оның негізгі тақырыбы – Корей түбегін ядролық қарудан тазарту. Дәлірек айтсақ, екі басшы «Пхеньян атомдық арсеналдан бас тарта ма?» деген мәселені талқылап жатыр.

Бұл кездесу Ким Чен Ынның биыл АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуіне жол ашуы мүмкін.

Солтүстік Корея өзінің ядролық-зымырандық бағдарламасын дамытып, адам құқықтарын бұзғаны үшін ондаған жылдар бойы халықаралық санкциялардан арыла алмай келеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу