Арменияда оппозиция лидері Никол Пашинян мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуді талап етуде
Армения оппозициясын Серж Саргсянның үкімет басшылығынан кетуі де қанағаттандырмады. Енді олар қазіргі уақытша премьерді ауыстырып, мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуді талап етіп отыр. Оппозиция лидері Никол Пашинян халық қаласа, министрлер кабинетін басқаруға дайын екенін мәлімдеді.
Оның сөзінше, шерушілер «барқыт революциясын» бүгін қайта жалғастырып, оны соңына дейін жеткізбек. Сонымен қатар, Пашинян өзінің ресейшіл емес, армяншыл саясаткер екенін ескертіп, Арменияның Мәскеумен де, Вашингтонмен де, Еуропа одағымен де қатынастарын тереңдету қажеттігін атап өтті. Ал, уақытша премьер Карен Карапетян елді саяси дағдарыстан шығару үшін парламентті таратып, жаңа сайлау өткізу мәселесін талқылауды ұсынды.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03