Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
Президент жолдауында Транскаспий дәлізін дамытуды, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтіп, заманауи теміржол және көлік жолдарының тұтас желісін құруды тапсырды. Бұл стратегиялық жоба тек Қазақстан үшін емес Еуропа мен Азияның көптеген елдері үшін өте маңызды, - дейді түркиялық сарапшы Әли Оғыз Дириөз.
Әли Оғыз Дириөз, халықаралық саяси сарапшы:
Қазақстан халықаралық жүк тасымалы үшін өте маңызды елдердің бірі. Себебі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында айтқандай Қытайдан Еуропаға құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. Сондықтан Қазақстанның ірі логистикалық орталықтар құрып, жүк тасымалын үйлестіріп отыруға ұмтылуы стратегиялық маңызды қадам. Қазіргі теңіз жолдарындағы тұрақсыздық Транскаспий дәлізін дамыту үшін үлкен мүмкіндік болып тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы