Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
«Инфрақұрылымның дамуы – экономиканың қозғаушы күші. Бұл салаға басымдық беру мемлекеттің әлемдік аренадағы беделін нығайтуға тың серпін береді» дейді жолдаудан ой қорытқан сарапшылар.
Мәселен Батыс Қазақстан облысында 6 шекаралық көлік өткізу бекеті болса, соның екеуі қазір қайта жаңартылып жатыр. Әсіресе, тәулігіне 1500 жүк көлігі мен 1 000 жеңіл көлік өтетін Ресей шекарасындағы “Сырым” бекетінің әлеуеті зор. Қазір ірі көлік дәлізіндегі ескірген жол, ғимараттар бұзылып, қайта салынып жатыр. Президент әлемдегі теңіз-су жолындағы дағдарыстар құрлықтағы көлік дәлізінің стратегиялық маңызын арттыратынын айтты. Қазақстан бұл тарихи мүмкіндікті жіберіп алмай, Евразиядағы жетекші логистикалық орталыққа айналуы тиіс. Қазірдің өзінде Қытайдан шыққан жүк тасымалының 85 пайызы Европаға біздің ел арқылы өтеді.
Тұрар Шайхиев, саясаттанушы, М.Өтемісов атындағы БҚУ кафедра меңгерушісі:
Мемлекеттердің арасында қазіргідей өте қатал жаһандық бәсекелестік жүріп жатқан кезде, әсіресе экономика саласында, мемлекеттік экономикасын дамыту – бұл Қазақстан үшін алдағы ең өзекті мәселе. Қазақстанды Европа мен Азия ортасындағы логистикалық дәлізге айналдыру – бұл бұрыннан президенттің айтып келе жатқан тапсырмасы. Сондықтан Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін барынша пайдалану үшін инфрақұрылымды дамытуды басты мақсат ретінде қойып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы