Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры Қазақстандағы медициналық зерттеулерге қаржы бөлуі мүмкін. Біздің тарап жуырда өтінім жолдады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл Астанада өткен халықаралық форумда айтты. Оның сөзінше, әзірге қордан жауап келмеген. Бірақ министрлік келіссөздерді тоқтатпайды. Қордың құрамында Қазақстанмен қатар, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Беларусь бар. Жалпы салым 8 млрд доллардан асады. Мемлекет басшысы Жолдауда әлемде инвестицияға талас күшейіп келе жатқанын, сондықтан жылдам әрекет ету қажет екенін атап өтті. «Бұл тапсырманы орындау үшін Қаржы министрлігі де халықаралық компаниялармен тығыз жұмыс істеуге күш салады» дейді вице-министр.
Дәурен Кеңбейіл, ҚР Қаржы вице-министрі:
Біз биылдан бастап техникалық көмек пен гранттар алу жоспарымыз бар. Президент жолдауында халықаралық ұйымдармен тығыз жұмыс туралы, тәжірибесін зерттеулерін біздің экономикаға тарту және адами капитал туралы нақты нақты айтып кетті. Сондықтан бұл экономикалық конференция жолдауға сай өтіп жатыр деуге болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы