Мәскеуде дауылдан 2 адам қайтыс болды
Сенбі күні Мәскеу қаласы мен облысында қатты дауыл соғып, соның кесірінен 2 адам қайтыс болды. Мәселен, 12 жастағы қызды ағаш басып қалса, екінші бір ер адам құрылыс вагонының астында қалған. Ал, 17 адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханада жатыр. Желдің қаттылығы соншалық, 100-ге тарта ағашты тамырымен жұлып, электр сымдарын үзіп кеткен. Құлаған жарнама тақтайшалары мен үйлердің шатырлары да көп. Демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс істеген құтқарушылар енді апаттың зардабын есептеп, айналаны тазартып жатыр. Қазір қалада жағдай тұрақталғанымен, жаңбыр жауып, күн суытып тұр.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты ұстаным – прагматизм мен диалог»: Сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлиндегі мәлімдемесіне пікір білдірді
30.09.2026, 20:44
Еуропада жалған дәрі сататын онлайн дәріханалар көбейді
30.09.2026, 20:30
Азиада: Бүгін ел қоржынына 8 медаль түсті
30.09.2026, 20:29
Донорлық: Бүйректі ағзаның қабылдауын AI 33 секундта анықтайды
30.09.2026, 20:28
Көкшетауда 630 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын
30.09.2026, 20:08
KTZ Express қазақстандық экспорттың логистикалық әлеуетін кеңейтіп жатыр
30.09.2026, 20:06
Түркістан облысының таулы аймақтарына 131 мыңнан астам турист келген
30.09.2026, 20:06
Қазақстан киберқылмысқа қарсы конвенцияға қосылды
30.09.2026, 20:05