Үндістанның Мадхья-Прадеш штатындағы жол апатынан 21 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатындағы жол апатынан 21 адам қаза тапты

18.04.2018

Үндістанның орталығындағы Мадхья-Прадеш штатында жүк көлігі көпірден құлады. Соның салдарынан 21 жолаушы қаза тапқан. Тағы 30 шақтысы жараланды. Оқыс оқиға штат астанасы Бхопал қаласынан 570 шақырым жерде болған.

Көлікке мінгендердің барлығы елді мекендердің біріне үйлену тойына бара жатқан екен. Алдын ала деректерге қарағанда, жүк машинасының жүргізушісі өткелге шыға бергенде, рөлге ие бола алмай қалса керек. Сондықтан, көлік бөгетті бұзып өтіп, суы тартылып қалған Сон өзеніне құлады.  

Қазір апат орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Ал, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жіберілді.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу