Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында  ғимарат құлап, 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында  ғимарат құлап, 10 адам қаза тапты

02.04.2018

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында 4 қабатты қонақ үй ғимараты құлады. Нысанға жоғары жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан жүк көлігі соқтығысқан. Дегенмен, бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ. Индаура қаласында болған осы оқиғадан 10 адам қаза тапты. 20 шақты адам жараланған. Құтқарушылар үйіндіні әлі де тазалап жатыр. Олардың сөзінше, үйінді астынан адамдар табылуы мүмкін. Құлаған ғимаратта қонақ үйден бөлек, лаунж-бар мен бірнеше дүкен орналасқан еді.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу