Үндістанда пойыз апатынан қаза тапқандардың саны 100-ден асты

21.11.2016
Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны 115-ке жетті. Зардап шеккендер 200-ден асады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, құрбандардың саны әлі де артуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, Канпура қаласынан 100 шақырым жерде жолаушылар пойызының 14 вагоны аударылып қалған еді. Қайғылы оқиға жолаушылар ұйықтап жатқан кезде, түнде болған. Қазір оқиға орнында полицейлер мен әскерилер жұмыс істеп жатыр.


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу