Үндістанда кеме апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда кеме апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты

14.11.2017

Үндістанның оңтүстік-шығысында кеме суға батып, 19 адам қаза тапты. Тағы 4-еуі із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы «Hindustan Times» газеті хабарлап отыр. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, оқиға Андхра-Прадеш штатындағы Кришна өзенінде болып отыр. Кемеде бас-аяғы 41 адам болғаны анықталды, олардың 3-еуі экипаж мүшелері. Соңғы келіп түскен мәліметтерге қарағанда, кеме жағажайға жетерге шақ қалғанда аударылған. Құтқарушылар мен куәгерлердің көмегімен 20 адамды аман алып қалу мүмкін болды. Полицияның болжамы бойынша, апатқа паромда шамадан тыс көп жолаушы болғаны және экипаждың аңғалдығы себеп болуы мүмкін.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу