Ким Чен Ын ядролық қарудан бас тартпақ
Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуға және АҚШ-тың ресми өкілдерімен кездесуге уәде берді. Мұны бүгін Қытай басшылығы мәлімдеді. Айта кету керек, Ким Чен Ын мемлекет басшысы ретінде алғаш рет шетелге шығып, Бейжіңде Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесті. Өз кезегінде Қытай басшысы Пхеньянмен арадағы достық байланысты әрі қарай қолдауға сөз берді. Кейбір бақылаушылардың пікірінше, бұл сапар Кимнің Ақ үй басшысымен кездесуге әзірлігін білдіруі мүмкін. Болжамдарға қарағанда, Солтүстік Корея жетекшісі АҚШ президенті Дональд Трамппен мамыр айында жүздесуді жоспарлап отыр. Дегенмен, Ким Чен Ынның әкесі Ким Чен Ир да бір кездері атомдық бағдарламадан бас тартуға сөз беріп, сол бағдарламаны құпия түрде дамытқаны белгілі.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03