Мысырда президенттік сайлау басталды
Бүгін Араб әлемінің ең ірі елі - Мысырда президенттік сайлау басталды. Жергілікті халық үш күн бойы дауыс береді. Болжамдарға қарағанда, онда қазіргі мемлекет жетекшісі әрі бұрынғы әскер қолбасшысы Әбдел Фаттах әс-Сиси күмәнсіз жеңіске жетеді. Мысырдың 63 жастағы лидері осыдан бірнеше сағат бұрын тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін дауыс беремін деп, жәшікке бюллетень тастады.
Бұл науқан наурыздың 28-де аяқталады. Алайда, ірі оппозициялық партия ұсынған кандидат оған қатысудан бас тартқан.
Мысырлықтардың көбі АҚШ-тың одақтасы – әс-Сисиді 2011 жылғы революциядан кейін елге тыныштық әкелген президент деп есептейді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03