Израиль ядролық реакторды жойғанын мойындады
Израиль 2007 жылы Сирияда ядролық реактор болуы мүмкін нысанды жойған. Мұны еврей мемлекетінің әскерилері бүгін ресми түрде мойындады. Яғни, арада 10 жылдан астам уақыт өткенде.
Израиль ұшақтары талқандаған әл-Кубар кешені Сирияның Дейр-әз-Зор қаласының маңындағы шөлде орналасқан. Тель-Авив осыдан бірнеше сағат бұрын ол туралы фото және видеоматериалдарды да жариялады.
Мұның алдында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранның ядролық қару иеленуіне және Сирияда ракета жасайтын зауыт салуға жол бермейтінін мәлімдеген-ді.
1970 жылы жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау туралы келісімге қол қойған Сирия өзінде ядролық реактордың болғанын жоққа шығарып отыр. Ал, Израиль Дамасктің мұндай мәлімдемелеріне сенер емес.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03