Жапониядағы жер дауына қатысы бар Қаржы министрі отставкаға кетуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапониядағы жер дауына қатысы бар Қаржы министрі отставкаға кетуден бас тартты

12.03.2018

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ халықтан кешірім сұрады. Өйткені, оның қаржы министрлігі жер сату туралы құжатты өзгерткенін мойындап отыр.

Айта кетсек, өткен жылдың басында «Моритоме Гакуэн» деген ұлтшылдар компаниясы мемлекеттен бір мектеп салу үшін жерді нарықтық құнынан 7 есе төмен бағаға сатып алады. Сол мектепті болашақта Абэнің жұбайы Акиэ басқаруы тиіс болған. Бірақ, осы саудаға қатысты шу шыққаннан кейін премьердің әйелі жаңа оқу орнына директор болудан бас тартты.

Бұл дауға байланысты  қаржы министріне отставкаға кету туралы талап қойылып отыр. Алайда, Таро Асо әзірге мұндай шешім қабылдаған жоқ.

Таро Асо, Жапония қаржы министрі:

- Мемлекеттік құжатқа өзгерту енгізілді. Өте өкінішті жағдай. Сол үшін қатты өкініп, кешірім сұраймын. Бірақ, қызметтен кету мәселесін қарастырып жатқан жоқпын. Өзгерістердің көбі өзім басқаратын қаржы мекемесінде жасалды. Әрине, жер бөлімінен бұйрықтар болды.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу