Басты Жаңалықтар Жастардың электоралдық мәдениетін дамыту қажет

Жастардың электоралдық мәдениетін дамыту қажет

«Қазақстан жастары» зерттеуінің нәтижелеріне сүйенсек 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің тек 32,4%-ы өздерін сайлау құқықтары мен сайлау өткізу тәртібін жақсы біледі деп есептейді. Ал  36,5%-ы бұл бағыттағы білімдерінің жеткіліксіз екенін мойындаған. Жастардың электоралдық мәдениетін дамыту үшін Орталық сайлау комиссиясы бірқатар құзырлы органмен бірлесіп, жастардың саяси-құқықтық білімін арттыру шараларын қолға алмақ. Мәселен, мектеп оқулықтарында сайлау құқығы, өткізу тәртібі мен маңызы туралы ақпараттар берілмеген. Сарапшылық кеңес мүшелері  әдістемелік құралдар әзірлеп, мұғалімдерді тиісті даярлықтан өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Балаларға қарапайым тілмен түсіндірілетін контент әзірлеу мәселесі де қарастырылды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров күні кеше жарияланған Жолдаудың да маңызына тоқталып өтті.

Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы:

Көптеген мәселеге тоқталып, оның ішінде көбі экономикалық жағдайға байланысты болды. Ең басты, ең құнды бағыттарды айқындап берді. Негізі қазір жауапкершілік, ойланып басқан қадам – сөзбен емес, істің уақыты. Біздің де отырыстарымыз нақты сұрақтарға бағытталған.

Орталық сайлау комиссиясы жанынан белсенді жастар қауымдастығы қалыптасқан. 2022 жылдан бері 8 мыңнан астам жаспен түрлі форматта кездесулер өткен. Олар сайлаудың қалай өтетіні, депутат болу жолдары, өз дауысы арқылы қандай мәселелерге ықпал ете алатыны туралы түрлі сұрақтарға жауап алған. Бүгінде Жас сайлаушылар клубтарының желісі 248-ге жетті. Орталық сайлау комиссиясы жас сайлаушылар клубтарының бірыңғай электрондық тізімін әзірлеуге кірісті. 2028 жылға дейін 5 бағытты қамтитын арнайы жоспар да бекіп, 32 шараны қолға алу жоспарланған.

Ермек Әбдірәсілов, ОСК жанындағы сарапшылар кеңесі мүшесі:

Жастар ең алдымен осы сайлаудың мағынасын түсінуі керек. Оны білу үшін сана-сезім терең болуы керек. Құқық сана сезімі терең болуы керек. Мәдениет деген үлкен категория. Оның ішінде құқық мәдениеті бар, сайлау мәдениеті бар.

Айдархан Махамбет, ОСК жанындағы сарапшылар кеңесі мүшесі:

Менің ойымша, осыдай бастамалар сайлау туралы білімді, бірнеше жылда бір рет қана айтатын тақырып қана емес, өміріміздің табиғи бөлігіне айналдыру үшін көмектеседі.

Бөлісу