Қала тазалығы – әр тұрғынның жауапкершілігі
Қаланың тазалығы – әрбір тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Шымкентте «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Таза Шым» атты кездесу өтті. Тағылымды шараға Әл-Фараби ауданы прокуратурасының, Экология департаменті мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері арнайы қатысты. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған басқосуда жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Қуаныш Серікбай, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары:
Біздің мақсатымыз – жалпы мұндай іс-шараларды ұйымдастырудағы жастар арасында экологиялық мәдениетті, тазалық мәдениетін қалыптастыру. Шымкент қаласында соңғы жылдары осындай саябақтар, скверлер көптеп соғылуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы