Ортақ шекара – ортақ жауапкершілік
ТМД елдері ортақ шекараны қорғау, ақпарат алмасу жүйесін автоматтандыру, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылды және қылмыспен күресті күшейтуге уағдаласты. Бүгін елордада ұйымға мүше мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 93-отырысы өтті. Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның өкілдері, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының тиісті құрылымдарының басшылары мен сарапшылары саладағы ортақ мәселелерді талқылады. Жиын барысында тараптар шекара қауіпсіздігін нығайтуға және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.
Ерлан Алдажұманов, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры, генерал-майор:
Мұндай кездесулер жүйелі түрде өтіп тұрады. Осындай жиындардың тұрақтылығы және қарастырылатын маңызды мәселелер ТМД-дағы шекара ведомстволары нақты әрі практикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталғанын айқын көрсетеді. Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі – бүгінде ТМД кеңістігіндегі көпжақты ынтымақтастықтың ең беделді, тиімді әрі қарқынды дамып келе жатқан институттарының бірі. Бұл алаңда ортақ шекараға қатысты ортақ мәселелер шешіліп, бірлескен іс-қимылдар пысықталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы