Корея қауіпсіздік кеңесшісі АҚШ-қа аттанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Корея қауіпсіздік кеңесшісі АҚШ-қа аттанады

07.03.2018

Оңтүстік Кореяның қауіпсіздік жөніндегі басты кеңесшісі Чон Ый Йон осы аптада АҚШ-қа аттанады. Сондағы мақсаты – Солтүстік Корея лидерімен өткен кездесу қорытындысы жайында Трамп әкімшілігін хабардар ету. Содан кейін ол Қытай мен Ресейге жол тартады. Айта кету керек, бұл мемлекеттер - Корей түбегін ядролық қарудан тазарту жөніндегі алтыжақты келіссөздердің қатысушылары.

Дүйсенбі, сейсенбі күндері Чон Ый Йон бастаған оңтүстіккореялық делегация Пхеньянда коммунистік мемлекеттің басшысы Ким Чен Ынмен кездесті. Сол диалог нәтижесінде екі Корея жетекшілері сәуір айында саммит өткізуге келісті және де Солтүстік Корея лидері АҚШ-пен арадағы қатынастарды қалпына келтіруге, ядролық қарусыздану мәселесін талқылауға дайын екенін мәлімдеп отыр. Ким Чен Ын келіссөздер барысында атомдық-зымырандық сынақтарды тоқтатуға да уәде берді. Ал, президент Дональд Трамптың сөзінше, Пхеньян санкциялардың әсерінен шын мәнінде диалог жүргізуге ниет білдіріп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу