Басты Жаңалықтар Грекия парламенті 10 саясаткерді тергейтін комитет құруға дауыс берді

Грекия парламенті 10 саясаткерді тергейтін комитет құруға дауыс берді

Өйткені, бұл шенеуніктер швейцарияның «Novartis» фармацевтикалық компаниясынан пара алды деген күдік бар. Сотқа тартылуы мүмкін адамдардың ішінде бұрынғы премьер-министрлер, Денсаулық сақтау және Қаржы министрлері бар. Олар - 2006-2015 жылдары билік еткен социалистік және консервативтік партиялардың мүшелері. Алайда, күдіктілер өздеріне тағылған кінәні мойындамады. Айтуларынша, қазіргі солшыл үкімет 2019 жылы өтетін сайлау алдында олардың беделін түсіру үшін коррупциялық дау көтеріп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Бөлісу