Дональд Трамп мұғалімдерді қаруландырғысы келеді
«Мұғалімдердің қолына қару берсе, мектептерге шабуыл жасалмас еді». АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде оқушылармен кездесуде осындай мәлімдеме жасады.
Естеріңізге сала кетсек, ақпанның 14-де 19 жасар жігіт Флорида штатының Парклэнд қаласындағы мектепке оқ жаудырып, 17 адамды мерт қылды. Сол трагедиядан кейін Құрама Штаттарда қаруды бақылау ережелерін қатаңдату мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ал, өткен тәулікте Трамп винтовканы автоматқа айналдыратын құралдарды сатуды тоқтату туралы заң жобасын әзірлеуге бұйрық берді.
Тағы бір мәліметке қарағанда, білім ордаларында жиілеп кеткен атыстарға қарсы Американың көптеген қалаларында оқушылар шеруі өтті. Мұндай акциялар Аризонадан бастап, Колорадоға дейінгі аумақта ұйымдастырылған.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шалғайдағы ауылда болашақ чемпиондар жаттығып жүр
04.08.2026, 10:13
Бокстан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімі шықты
04.08.2026, 10:08
Қытайда QR арқылы төлем жасауға болады
04.08.2026, 10:07
Моңғолияда жанармай сатуға шектеу қойылды
04.08.2026, 10:06
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 10:05
ШҚО-да қатты дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті
04.08.2026, 10:05
Елімізде 160 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді
04.08.2026, 10:03
Үкімет отандық тауарларды қолдау шараларын пысықтап жатыр
04.08.2026, 10:02