Австрияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 22 адам жараланды
Австрияның оңтүстік-шығысында екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 1 адам қаза болып, 22-сі жараланды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Жарақаттанғандардың қатарында 3 бала бар. Қолда бар деректер бойынша, оқиға елдің Штирия провинциясында жергілікті уақытпен түскі сағат 12:25-те болған. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бір пойыз рельстен тайған болса керек. Апаттық жағдайға байланысты аймақта темір жол қатынасы тежеліп, пойыздар кейінге шегерілді. Істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
150 мың SMS жіберген алаяқтар ұсталды
20.08.2026, 13:00
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15
Қызылордада оқушылар шекара заставасымен танысты
20.08.2026, 10:13
Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады
20.08.2026, 10:12
Бүгіннен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
20.08.2026, 10:09
ЖИ бағытында даярланатын мамандардың саны артады
20.08.2026, 10:07
Мәскеуде жанармай саудасына шектеу қойылды
20.08.2026, 10:04
Құрама штаттардың мемлекеттік қарызы 40 трлн доллардан асты
20.08.2026, 10:03