Басты Жаңалықтар Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады

Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады

Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құруға келісті. Ортақ базаға аса маңызды археологиялық нысандардың орналасқан жері, ғылыми сипаттамасы, фотоматериалдар және зерттелу жағдайы сияқты маңызды мәліметтер енгізілмек. Мажарстанда өткен Түркі әлемінің археология саласындағы ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары қауымдастығының отырысында ғалымдар сондай-ақ ортақ цифрлық ақпараттық портал мен электрондық зерттеу дерекқорын құру мәселесін де талқылады. Мамандар бірыңғай цифрлық кеңістік қалыптастыру түркі әлемінің ғылыми-зерттеу ұйымдары арасындағы жүйелі ғылыми ақпарат алмасуды оңтайландыратынын атап өтті. Қатысушылар Түркі елдерінің археологиялық мұрасын бірлесіп зерттеуге бағытталған халықаралық бағдарлама құру жайын да қарастырды.

Шаһин Мұстафаев, Түркі академиясының президенті:

Түркі әлемінің тарихи тамыры тым тереңде жатыр. Сондықтан ортақ археологиямызды дамытудың маңызы зор. Себебі кейінгі жылдарға дейін түркі әлемінің архелогиясы деген түсінік те болған жоқ. Қазігі таңда біздің археологтарымыз бірқатар бірлескен ірі жобаларды жүзеге асырып, ірі халықаралық ғылыми платформаға айналды.


Бөлісу