Сириядағы күрд отрядтары түріктің 4 танкісін жойған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сириядағы күрд отрядтары түріктің 4 танкісін жойған

12.02.2018

Мұны бүгін күрдтердің «Фират» агенттігі хабарлады. Сонымен қатар, түрік армиясы мен оның жергілікті одақтастары 9 адамынан айырылған көрінеді.  Сирияның «әл-Ватан» газетінің мәліметінше, жалпы алғанда, бұл соғыста Түркия 27 жауынгері мен офицерінен, ал оппозиция 185 содырынан айырылды. Күрдтер қатарынан 148 адам мерт болған. Бірақ, ресми Анкара күрдтердің 1370-ке жуық «террорисін» жойғанын жариялады.

Естеріңізге сала кетсек, Түркия қаңтардың 20-да Сирияның солтүстігіне әскер кіргізді. «Зайтүн бұтағы» деп аталатын бұл операцияның мақсаты – Сирияның Түркиямен шекаралас аудандарын қарулы күрдтерден тазарту. Өйткені, Анкара бұл отрядтарды Түркияның өз ішінде тәуелсіздік үшін күрескен Күрдістан жұмысшы партиясының жалғасы деп есептейді. Алайда, сириялық күрдтер мұны мойындамай келеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу