Қытайда алғашқы жолаушылар дроны көпшілік назарына ұсынылды. Ол «Эхенг-184» деп аталады. Жаңа техниканы таныстыру шарасы Гуанчжоу қаласында өтті. Дронға кірген адам қауіпсіздік белдігін ғана тағады. Қалған жұмыстардың бәрін автоматтандырылған ұшу жүйесі істейді.
«Мұндайды бұрын фантастикалық фильмдерден көруші едік, қазір ол өмір шындығына айналды», - дейді «Эхэнг инкорпорейтед» технологиялық компаниясының басшысы Ху Хуажи.
Электр қуатымен қозғалатын дрон салмағы 100 келі тартатын бір адаммен сағатына 100 шақырым жылдамдықпен 23 минут бойы ұшып алады. Бұл аппарат адам тасып қана қоймай, келешекте науқастарды ауруханаға жеткізіп, туризмді дамытуға қолданылуы мүмкін. Ол биыл 200-300 мың долларға сатыла бастайды деген болжам бар.
Томирис АБИШЕВА