Басты Жаңалықтар Қытайда гуманоид роботтар жол полициясына жәрдемдесіп жүр

Қытайда гуманоид роботтар жол полициясына жәрдемдесіп жүр

Қытайда гуманоид роботтар адамға көмекші ретінде пайдаланыла бастады. Ханчжоу қаласында мұндай механикалық аппараттар көшелерге шығып, жол полициясына жәрдемдесіп жүр.

Мамандардың сөзінше, жасанды интеллектімен жабдықталған роботтар тұрғындардың тәртібіне қарап, полицейлердің жол-көлік оқиғаларына көбірек назар аударуына септігін тигізіп, төтенше жағдайларды реттеуге және дауларды шешуге атсалысады.

Chery International компаниясының президенті Чжан Гуйбиннің айтуынша, әсіресе мемлекеттік қызметте бұндай технологияға келешекте сұраныс артады.



Бөлісу