Пхенчханға шақырту алмаған ресейлік 32 спортшы сотқа шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхенчханға шақырту алмаған ресейлік 32 спортшы сотқа шағымданды

06.02.2018

Ресейдің 32 спортшысы Пхенчханда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына шақырту алмағандықтан сотқа шағымданды. Дәлірек айтсақ, олар Лозаннадағы Спорт жөніндегі арбитраждық сотқа арыз жазған. Бұл турасында «ТАСС» және «РИА Новости» агенттіктері хабарлайды.

Шағымда азаматтық құқықтың тапталуы, нақты критерийлердің жоқтығы, арбитраждық сот үкімінің орындалмауы және де спортшылардың абыройына нұқсан келуі сияқты мәселелер көтерілген.

Жоспар бойынша, Ресей атлеттерінің өтініші ақпанның 7-де қаралмақ.

Айта кетсек, осы айдың басында Спорт жөніндегі арбитраждық сот ресейлік 28 спортшының апелляциясын қанағаттандырды. Өйткені, олардың Сочи Олимпиадасында допинг қолданғаны жеткілікті деңгейде дәлелденбеген. Бірақ, Халықаралық Олимпиада комитеті соттың бұл шешімімен келіспей отыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу